Техника-экономикалық колледж КЕАҚ «Қарағанды индустриялық университетінің» құрылымдық бөлімшесі болып табылады және өз қызметін колледж - ЖОО үздіксіз білім беру жүйесі бойынша жүзеге асырады.
ҚарИУ жанындағы ТЭК 2016 жылғы қыркүйектен бастап, техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асырады және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпы білім беру стандарттары негізінде жұмыс істейтін техникалық және кәсіптік оқу орындарына қойылатын ең жоғары талаптарға жауап беретін заманауи, серпінді дамып келе жатқан колледж болып табылады.
Мемлекеттік лицензияға сәйкес, колледж 9 мамандық бойынша білім беру қызметін жүзеге асырады:
Оның ішінде екі экономикалық мамандық бойынша
• 04130100 «Менеджмент» – біліктілігі: менеджер,
• 04110100 «Есеп және аудит» – біліктілігі: экономист – бухгалтер
және 7 техникалық мамандықтар:
• 07130400 «Техникалық жабдықтар және жылумен жабдықтау жүйелері» - біліктілігі: техник - жылу технигі,
• 07130700 «Электр және электромеханикалық жабдықтарды техникалық пайдалану, қызмет көрсету және жөндеу» – біліктілігі: электромеханик,
• 07161300 «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» - біліктілігі: техник-механик,
• 07151300 «Қара металдар металлургиясы» - біліктілігі: техник-металлург,
• 06130100 «Бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша)» – біліктілігі: бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеуші,
• 07320100 «Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану» - біліктілігі: техник-құрылысшы,
• 07151100 «Өнеркәсіп машиналары мен жабдықтарын пайдалану» – біліктілігі: техник-механик.
«Біздің мамандар - болашаққа деген сенімділік!»
Колледжде оқыту 9 және 11-сыныптар базасында, мемлекеттік және орыс тілінде, күндізгі және сырттай оқу нысандары бойынша жүргізіледі. Оқу орнында студенттермен сабақтан тыс жұмыс үшін барлық жағдайлар және материалдық-техникалық база жасалған.
Оқыту мемлекеттік тапсырыс бойынша және шарттық негізде жүргізіледі. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі білім саласындағы Бақылау департаментінің аттестаттау комиссиясының нәтижелері бойынша Техника-экономикалық колледж жоғарыда аталған мамандықтар бойынша мемлекеттік аттестаттаудан өтті, яғни техника-экономикалық колледждің білім беру қызметі студенттердің білімі мен дағдыларын бағалау нәтижелерін қоса алғанда, мемлекеттік міндетті стандарттардың талаптарына толық сәйкес келеді.
Халықтың жекелеген санаттары мен топтары үшін техникалық және кәсіптік білімге қолжетімділік қағидатын қамтамасыз ету мақсатында студенттерге оқу ақысы бойынша жеңілдіктер, оқуға арналған гранттар түрінде әлеуметтік қолдау көрсетіледі. Қазіргі уақытта колледждің 396 студенті мемлекеттік тапсырыс бойынша, 270 студент ақылы негізде оқиды.
Колледж студенттері университеттің кітапханасын, оқу залын, компьютерлік сыныптарын, оқу зертханаларын және спорттық-сауықтыру кешенін пайдаланады.
Колледжді бітіргеннен кейін студенттер Қарағанды индустриялық университетіне және басқа да жоғары оқу орындарына қысқартылған оқу нысаны бойынша – күндізгі бөлімге 2,5 жыл, оқуға түсу мүмкіндігіне ие.