1
Білім беру саласы
6B07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары
2
Даярлау бағыты
6B072 Өндірістік және өңдеу салалары
3
Білім беру бағдарламалары тобы
B071 Тау-кен ісі және пайдалы қазбаларды өндіру
Берілетін дәреже
"Білім беру бағдарламасының 6B07088(2) Тау-кен-металлургия саласындағы экоаналитика және қайта өңдеу технологиялары" білім беру бағдарламасы бойынша техника және технология бакалавры
Бағдарлама мақсаты
Тау-кен-металлургия саласы үшін бәсекеге қабілетті заманауи әдістермен таза, аз және қалдықсыз өндірісті қамтамасыз ете алатын, шикізат пен қалдықтарды қайта өңдеу бойынша кешенді шешімдерді енгізе алатын, пәнаралық топтарда тиімді жұмыс істей алатын және бүкіл кәсіби өмірі бойы үнемі біліктілігін арттырып отыратын экоаналитик мамандарын дайындау,
Бағдарламаның бірегейлігі
Білім беру бағдарламасының бірегейлігі экологиялық аналитиканы, инженерлік шешімдерді және цифрлық технологияларды біріктіруінде жатыр, бұл тау-кен металлургия саласын тұрақты даму және қалдықсыз өндіріс қағидаттарына көшіруге бағытталған. Бағдарлама химия, экология, металлургия салаларындағы іргелі білімдер мен заманауи деректерді талдау құралдарын үйлестіре отырып, экологиялық қауіпсіздік, техногендік қалдықтарды қайта өңдеу және ресурстарды үнемдеу мәселелерін кешенді түрде шешуге қабілетті жаңа буын мамандарын даярлайды. Ерекше назар Big Data технологияларын, жасанды интеллектті, IoT және цифрлық модельдеуді қолдану арқылы болжамды экологиялық мониторинг жүргізуге және технологиялық процестерді оңтайландыруға аударылады. Қосымша бірегейлігі жаңа және болашағы зор мамандықтарға (эко-аналитик, рециклинг-технолог, техногендік қалдықтарды басқару жөніндегі маман) бағытталуымен сипатталады.
Кәсіби қызмет саласы
тау-кен-металлургия кешені кәсіпорындарының экологиялық қауіпсіздігін және
орнықты дамуын қамтамасыз ету;
− қоршаған ортаның ластануын аналитикалық бақылауды ұйымдастыру және жүргізу;
− өндіріс қалдықтарын қайта өңдеу (рециклинг) және кәдеге жарату технологияларын
әзірлеу және енгізу;
− табиғатты қорғау іс-шараларын жобалау, аудиттеу және нормалау;
− экологиялық мониторинг пен қалдықтарды басқаруда цифрлық, ақпараттық-
талдамалық және жасанды интеллект технологияларын қолдану.
Біліктілік пен лауазымдар тізімі
- Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі инженер
- Қоршаған ортаны қорғау бөлімінің бастығы
- Инженер-зертханашы
- Инженер-технолог
- Кіші ғылыми қызметкер
- Зерттеу зертханасының меңгерушісі
- Басқарма бастығы
- Бас инженер
- Цех бастығы